BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Бозымбаев: «Сарыарқа» магистральдік газ құбырының құрылысы 2021 жылға дейін аяқталады 

«Сарыарқа» магистральдік газ құбыры аясындағы құрылыс жұмыстары 2019-2021 жылдарға дейін аяқталады. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысы кезінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған үндеуде 1-1,5 жыл ішінде Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша Сарыарқа магистральді газ құбырын салуды жүзеге асыруды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында 7 наурызда Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласы әкімдіктері және «Самұрық Қазына» өкілдерінің қатысуымен селекторлық жиын өтті. Сонымен, жауапты мемлекеттік органдар мен компанияларды біз мынандай бағыттар бойынша анықтауға келістік. Бірінші, Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша магистральдік газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді, бекітуді және жер бөлігін қамтамасыз ету. Жауапты орындаушылар – Энергетика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласы әкімдіктері және «ҚазТрансГаз» АҚ. Мерзімі – 2018 жылдың шілдесі», - деді министр.

Сондай-ақ, халықаралық қаржы институттарынан қаржы тарту, қаржыландыру схемасын анықтау, жобаны жүзеге асыру үшін жобалық ұйым құру секілді мәселелер бойынша жауапты органдарды да атап өтті.

«Магистральдік газ құбырының құрылысына кірісу және газ құбырын алғашқы рет дәнекерлеудің салтанатты рәсімі ағымдағы жылдың шілде айының басына жоспарлануда. Сондай-ақ, магистральдік газ құбырын толтыру және тұтынушыларға газ жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімдіктеріне газ тарату желілерін жобалауды және құрылысын магистралдік газ құбырын аяқталу уақытымен синхрондауды тездету қажет. Осы жергілікті газ тарату желілері кезең-кезеңімен салынатын болады. Барлық жұмыс 2019-2021 жылдарға дейін аяқталуы тиіс», - деді Қ.Бозымбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер