BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Биыл Батыс Қазақстан облысында 21 көп қабатты үй салынады

Фото: Atameken Business Channel

2018 жылы Батыс Қазақстан облысында 21 көп қабатты үй салынады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Бірінші бастама ол – қолжетімді баспана. Біздің өңірде қазір 22 мың адам қолжетімді баспанаға кезекте тұр. Сонымен қоса, 56 мың адам «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» өздерінің есепшоттарын ашқан. Біз биыл 21 көп қабатты үй саламыз. Қолжетімді баспана аудандарымызда, әсіресе, Орал қаласында қарқынды дамитын болады», - деп мәлімдеді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, облыс әкімі 5 әлеуметтік бастамаға сәйкес, Жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде де айтып өтті.

«Қазіргі таңда 30 мыңнан астам студент бар, оның 2 мыңнан астамы жатақханаға мұқтаж. Оның ішінде 500-і ЖОО, қалғаны колледждерге. Сондықтан, биылдан бастап жұмыстарды бастап кеттік. Қазір жер телімдері белгіленуде. Алдағы уақытта 4 жатақхана салуды жоспарлап отырмыз. Соның 2-еуін биыл бастаймыз. Мұның бәрі білімнің салтанат құруына үлкен жол ашады», - дейді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер