BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматы облысы "7-20-25" бойынша бастапқы жарнаны азайту үшін 2 млрд теңге бөлді

Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысы өз тұрғындарына «7-20-25» тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, аймақ тұрғындары мамандар 2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек алады.

"Алматы облысының әкімдігіне бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларға дер кезінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Еліміздің қалалары мен облыстарында тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру басталып кетті. Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы орындау ипотекалық бағдарламаға үлкен серпін беретін болады», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде «7-20-25» бағдарламасы үшін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатындығын хабарлады.

Естеріңізде болса, бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында «Баспана» Ипотекалық ұйымы жергілікті атқару органдарына 150 млрд теңге бөлген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер