BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 640 өтінім мақұлданды

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде11,9 млр теңгеге 1039 өтініш қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша 11,9 млрд теңге сомаға қарыз алу үшін 1039 өтінім қабылданды. Олардың ішінде 7,3 млрд теңге сомаға қарыз беру үшін 640 өтінім мақұлданды», - деді Ұлттық банктен.

Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» - ҚР Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру аясында қолға алынған бағдарлама .Бүгінде аталған бағдарламаға сәйкес клиенттер 20 жылға алғашқы 20 пайыз жарнаны төлеп, 7 пайыздық үстемемен үй ала алады.

Жаңа ипотекалық бағдарламаға кез-келген азамат қатысу мүмкіндігіне ие.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер