BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

«7-20-25» бағдарламасы аясында 1026 өтініш мақұлданды

Фото: ашық дереккөзден

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 18,6 млрд. теңге сомасына 1586 өтініш қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктен хабарлағандай, қабылданған өтініштің ішінде 11,9 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 1026 өтініш мақұлданды.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер