BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

"Сабина келін" 5 күнде өзінің құнын екі есе ақтады

Фильмнің режиссері 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында 615 мың АҚШ доларын жинаған фильм өзінің құнын екі есе ақтағандығын айтады. Бұдан біраз уақыт бұрын келін Сабинаның оқиғасы 300 мың АҚШ долларына түсірілгендігі хабарланған болатын.

 

Фильм Алматы облысының ауылдарының бірінде 17 күнде түсіріліп болған. Оқиға ойдан шығарылған Жүгері ауылында өтеді. Оның басты кейіпкері клубтарда демалғанды ұнататын байдың қызы Сабина Қарсыбаева. Бір күні оны шейхтың ұлымын деп өтірік алдап танысқан ауылдың жігіті Дубайға алып барамын деп, ауылына алып қашып кетеді. Ауылда ол қазақтың салт-дәстүрлерімен танысып, шай құюды үйреніп, ет пісіріп, қамыр илеп, үлкендерге сәлем салып, тіпті қазақша сөйлей бастайды.

 

Картинаның авторы бұл өзекті тақырыптардың бірі екендігін айтып, «Сабина келін» қыздарға үлгі болатын фильм деп атап өтті.

 

Айта кетейік, осыдан 4 апта бұрын прокатқа шыққан отандық режиссер Қайыржан Орынбековтың "Қазақша тонау" фильмі бүгінгі күнге дейін 3 миллион АҚШ жолларын жинаған.

Пікірлер