BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Turkvizyon-2014 байқауының ұлттық іріктеуінің жартылай финалы өтті

 Оның нәтижесі, яғни, Қазақстандық финалға жолдама алған әншілердің есімдері бүгін түнде белгілі болады. Биыл байқауға қатысуға жүзден аса үміткер өтініш білдірген. Олардан іріктеліп 50-ге жуығы жартылай финалға шықты. Қатысушылардың қатарында танымал эстрада артистері және қадамдарын жаңа бастаған жас әншілер де бар. Ән байқауының халықаралық кезеңінде еліміздің намысын қорғау үшін жартылай финалда «Азия», «Алашұлы», V-Alem топтары, Дастан Оразбеков, Жанар Дұғалова, Марсель, Нұржан Керменбаев, Луина, Кентал, Ғалымжан Молданазар сынды әншілер бақ сынады. Халықаралық байқаудың талаптарына сәйкес ән түркі халықтарының тілінде және бұрын еш жерде орындалмаған болу керек.

 

Лина Арифулина, Turkvizyon-2014 халықаралық ән байқауының бас продюсері:

- Қазан қаласында өтетін байқаудың жоғары деңгейде өтуі үшін барынша жұмыс істеп жатырмыз. Оған қатысатын мемлекеттердің ұлттық іріктеулерінің дайындығын көріп келемін. Қазақстанда іріктеу сыны жақсы ұйымдастырылыпты, ризамын.

 

Turkvizyon-2014 байқауының ұлттық және халықаралық финалы «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Turkvizyon – заманауи эстрадалық ән байқауы. Оған түркітілдес елдердің кез келген азаматы қатыса алады. Ұлттық іріктеу кезеңінің қорытынды сыны 26 қазанда Астанада, халықаралық финал қарашаның 21-де Қазан қаласында өтеді.

 

Пікірлер