BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып Сарсенов Сәкен Сейітжаппарұлы тағайындалды (ҚР Үкіметінің 2014жылғы 9 сәуірдегі №330 қаулысы). Сәкен Сарсенов бұған дейін ҚР Көлік және коммуникация
вице - министрі қызметін атқарды. «Электрондық үкімет», байланыс саласы және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын дамыту мәселесімен айналысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да басшылық қызметте болды.

Агенттік төрағасының орынбасарлығына Голобурда Дмитрий Васильевич және Әбибуллаев Алтай Ибрагимұлы тағайындалды.

Д.В. Голобурда бұған дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жанындағы «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен техникалық стандарттарына сәйкес келуін аттестациялау мәселесіне жетекшілік етті.

А.И. Әбибуллаев бұның алдында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі және ҚР ОКҚ директорының орынбасары, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің басшысы қызметін атқарды.
 

Пікірлер