Астанада сот орындаушыларына арналған тренинг өтті
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.22 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 413.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Астанада сот орындаушыларына арналған тренинг өтті

Жиынның мақсаты - қазақстандық сот орындаушыларының жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырып, атқарушылық іс-жүргізу рəсімін жəне де ақшалай-ақшасыз өндіруді мəжбүрлі орындату істерін Еуропа сот əділдігі комиссиясының нормативтеріне жəне халықаралық принциптерге сəйкес оқытып үйрету.
Еуропа адам құқықтары сотының қаулысында: «Сот шешімдерін уақтылы мерзімде орындау - соттың əділетті түрде іс қарауының ажырамайтын бөлігі болып табылу керек. Ондай болмаған жағдайда, сот шешімі жəй бұлынғыр-сағым ретінде қалып, екінші жаққа зияның тигізер еді» деп жазылған.

Еуроодақ үшін Орталық Азия стратегиялық тұрғыдан жаңа серіктес болып табылады. Ал, қолға алынып отырған осынау бастама құқық саласындағы аймақтық құрылымдарды нығайтып, Орталық Азия заң реформаларын Еуропа Одағының тəжрибесіне сүйене отырып əрі қарай дамытуды көздейді. «Ұлықтылық құқық тұғырнама» аймақтық жобасы Орталық Азиядағы əр елмен стратегиялық диалогты əрі қарай дамытып, құқықтық реформа жүргізіуде тиісті жəрдемші құрал ретінде қатысуда. Еуроодақ бұл жобаны қаржыландыруғы 1,8 млн.евро көлемінде қаражат бөліп отыр. 

Пікірлер