BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Өзге ғаламшарлықтардың қатысы жоқ» фильмі көрерменге жол тартты (ФОТО)

Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая» фильмінен кейінгі екінші туындысы өткен жылы «12.12.12» деген атаумен шығуы тиіс еді. Алайда белгілі себептерге байланысты атауы «Өзге ғаламшарлықтардың қатысы жоқ» деп өзгертіліп биылғы жылдың желтоқсанында көрсетілгелі жатыр.
Фильмнің сюжеті бойдақтық пен отбасылы болудың арасындағы айырмашылықты анықтамақ болған үш достың бастан кешкен оқиғалары бойынша өрбиді.
Фильмде басты рөлдерді Фархат Әбдірайымов, Төлепберген Байсақалов, Ольга Ландина, Ерболат Тоғызақов, Максим Акбаров, Нұрбек Қаменов, Ержан Түсіпов сомдайды.
 

Пікірлер