Жемқорлықпен күресу үшін ҚТЖ-да арнайы офис ашылады - 100 нақты қадам|08 Тамыз 2018, 16:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Жемқорлықпен күресу үшін ҚТЖ-да арнайы офис ашылады

Фото: ашық дереккөзден

Алдағы аптада жемқорлық деректерінің алдын алу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының базасында «Адал жол» офисі ашылады. Бұл туралы брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Брифингте департамент басшысы агенттіктің теміржол билеттері заңды түрде сатылуына тексеріс жүргізгенін атап өтті.

Оның айтуынша, «құпия сатып алушы» әдісі арқылы жолаушыны билетсіз кез келген өңірге жібере алатын «көмекшілер» анықталған. Олар теміржол билеттерін нарық бағасынан 50%-ке қымбатқа сатқан.

Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі теміржол тасымал саласындағы жемқорлықпен жүйелі түрде күресу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның базасында «Адал жол» жобылық офисін ашпақ.

«Қазіргі таңда офисті ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Менің ойымша, бұл офисті келесі аптада ашамыз. Ол агенттіктің бақылауында болады. Бұрын Қазақстанда мұндай офис болмаған», - деп түйіндеді сөзін Данияр Сабырбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер