BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Бизнестің жол картасы. 500-ден астам жоба мақұлданды

Фото: Автор

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында бір күнде ондаған шағын және орта бизнес нысаны ашылды. Олардың басым бөлігі халыққа қызмет көрсеті саласына тиесілі.

Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арман асиповтың мәліметінше, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы іске қосылғалы бері 500-ден астам жоба жүзеге асырылған. Бұл игілікке мемлекеттің бюджеттен 58 млрд. теңгенің қаражаты бөлінген.

«Мемлекеттік қолдауды көрген кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану, сұлулық салондары, тігін цехтері сияқты жаңа нысандарын ашып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындарға қызмет көрсету саласы өркен жайып келеді. Мәселен, Павлодарда бір күнде бірнеше тамақтаны орны мен сұлулық салондары жұмыстарын бастады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 23 кәсіпкер шағын нисе алып, жеке істерін дамытты. Бұл бағытта 22 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді», - дейді Арман Асипов.

Есіктерін айқара ашқан нысандардың қатарында пицца әзірлейтін тамақтаны орны бар. Кәсіпкерлердің айтуынша, өңірде халыққа қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану орындарына сұраныс жоғары. Сондықтан, тұтынушының сұранысы мен заман талаптарына сай қызмет ететін орындар көптеп ашылуда.

«Біз пицца дайындайтын кафе ашуды жөн санадық. Сұраныс бар. Нысанның тұсауын кескен күні бір күнде 500 тағам әзірлеп, арзан бағамен саттық. бір күндеік акция нәтижесінде павлодарлықтар біздің ас мәзірімізбен танысты. Жұмыс барысында цифрлық технологияларды қолданамыз. Яғни, тапсырыс алу, оны клиентке жеткізу үрдістері жіті бақылауымызда. Қызмет сапасы жоғары болуын қадағалаймыз. 30 жаңа жұмыс орнын құрдық», - дейді кәсіпкер Никита Тарасов.

Қазіргі таңда Павлодар қаласында 30 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл –жерлерде облыс орталығы халқының төрттен бір бөлігі еңбек етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер