BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

26 ақтөбелік мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өнегені қалыптастыру, сыбайлас құқық бұзушылықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша төмендету болып табылады.

Қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында Ақтөбеде «Protecting Businessand Investments» жобалық офисі ашылды. Офис қызметкерлері «Foshan Newmay Ceramics», «Юнайтед Энерджи», «Shengyuan Technology Co. Ltd, «Гигант Кз» және «Аксу мебель» ЖШС жобаларын жүзеге асыру үшін 25 адам болатын шетелдік жұмыс күшін тартуға квота алуға жәрдемдесті.

«10 тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде 9 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды: 4-і мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар жасаған және 5-і Әдеп кодексі нормаларын бұзған. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы барысында 20 тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1551 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, осы аталған салаға құқық бұзушылықтарды жою туралы 11 ұсыныс енгізілді және 17 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Рафхат Бисенов.

Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер тізіміне енгізілген мемлекеттік қызметтердің 367 түрін көрсетеді. Тұтастай алғанда, есепті мерзім ішінде 3,5 млн.мемлекеттік қызметтер, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері 805 мың мемлекеттік қызмет және жергілікті атқарушы органдар – 2,7 млн мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 36 бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 2059 заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде, қажет емес құжаттарды талап ету, бизнес-үрдістерді және оны көрсету мерзімдерін бұзу оқиғалары орын алған. Сонымен қатар, аса көп заң бұзушылықтар құжаттандыру, көлік және коммуникация салаларында яғни, мүлік және зияткерлік меншік құқығында заң бұзушылықтар анықталып, 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Рафхат Бисенов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер