BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Қытайдағы қазақ балаларына арналған басылым қайта жаңғырды

 Астана. 15 қаңтар. Baq.kz -Іле жастар-өрендер газет-журнал мекемесі жағынан шығарылатын бір газет, екі журналдың аты өзгеретіні жыл басынан бері баспасөзде айтылып келген еді. Сол игі іс орындалып, 2016 жылдың басында газеттің аты «Шинжияң қазақ өрендері» болып өзгеріп, тұңғыш саны жарық көріпті.

 1959 жылдан бастап оқырмандарға жол тартқан бұрынғы «Іле өрендері» газеті 2014 жылы қыркүйектен бастап түрлі-түсті болып шығарылса, 2015 жылы қыркүйектен бастап, аптасына бір рет 8 бет болып жарық көріп келеді деп хабарлайды «Ағажай Алтай» торабының тілшісі Сенбек Әуесқанұлы. Жаңа мазмұнмен байыған басылым «бақытты балалық шақ», «жаңа жылда жаңа бейне», «ойлан да тап», «қос тіл – қос қанатың», «шашу», «оқырман отауы» айдаршалары толығып, балдырған оқырмандарды баурап алатындай кемелденіпті.
Шыңжаңдағы барлық мектептерге таралып, қазақ өрендерінің сүйікті басылымына айналған газет оқушыларға да қуаныш бағыштап отыр. Бұған ұстаздар қауымы да риза. Құлжа қалалық 27 бастауыш мектептің сақа оқытушысы Қалбынұр Қоқымбекқызы «Шинжияң қазақ өрендері» газетінің тұңғыш саны қолымызға тиіп мәре-сәре болып отырмыз. Бұл газет біздің касіптік жақтағы қолғанатымыз, одан балалар ғана емес, біз де мол білім аламыз» десе, осы мектептің оқушысы Мила Төлегенқызы жаңа атауға ие болған газетке өзінің және басқа сабақтастарының таласа-тармаса жазылып жатқанын айтады. Қазақ өрендерінің көз қуанышы, мұғалімдердің көмекшісі бола білген жаңа басылымның ғұмыры ұзақ болғай.


Мұрат Алмасбекұлы

Фото: kazakh.people.com.cn

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер