Қиын-қыстау кезеңдерде ауған елінен көмегімізді аямадық - елші Өміртай Бітімов

24 Тамыз 2021, 15:37
3243
Бөлісу:
Қиын-қыстау кезеңдерде ауған елінен көмегімізді аямадық - елші Өміртай Бітімов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасына сұқбат берген Қазақстанның Ауғанстандағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі, дипломат Өміртай Бітімов ауған еліндегі жағдайға қатысты өз ойын ортаға салды.

Ауғанстанда 7 жыл бойы елшілік қызмет атқарған Өміртай Мақашұлы Қазақстан мен Ауғанстанның дипломатиялық қарым-қатынасына тоқталды.

Ауған елінде көп жылдар бойы бізде елші болған жоқ. Дипломатиялық өкілдік жұмыс істеп тұрды. Кейін жағдай қалыптасқан соң елшілік ашылды. Дипломатия, саясат, сауда-экономика жағынан қарым-қатынастарымыз нығая бастады, - деді Өміртай Бітімов.

Оның айтуынша, ауған елінде бұрын қандастарымыз көп тұрған. Қазір салыстырмалы түрде қазақтар аз қалды деп отыр.

Оған 1 сәуір төңкерісінен кейін ол жақтағы қазақтардың көбі Иран, Пәкістан, Түркия елдеріне мәжбүрліктен кетуі себеп болды, - деп атап өтті елші.

Сондай-ақ дипломат қиын-қыстау кезеңдерде ауған халқына Қазақстаннан көрсетілген көмекті атап өтті. Саяси жағдайға араласпай, бірақ табиғи апаттар, жер сілкінісі, зілзалалар кезінде қолымыздан келген жәрдемді аямай, гуманитарлық көмек жібердік дейді.

Сонымен қоса жыл сайын грант бөліп, 1000 студентті елімізге әкеліп тегін оқыттық. Сол себептен бізге оң көзқараста деп ойлаймын, - деп ағынан жарылды Өміртай Бітімов.
Өзгелердің жаңалығы