Кітапханаларға табыс табу құқығы беріледі – Аймағамбетов

Бүгiн, 11:25
185
Бөлісу:
Кітапханаларға табыс табу құқығы беріледі – Аймағамбетов
Фото: BAQ.KZ архив

Мемлекеттік кітапханалар пайда табуы қажет. Бұл туралы заң жобасында Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасында мемлекеттік кітапханаларда білім беру және мәдени іс-шараларды ақылы негізде өткізу құқығын беру, сол арқылы қосымша қаражат табу туралы арнайы нормалар бар. Бұл өзгеріс кітапханалардың рөлін тек кітап сақтау және кітап оқу орны емес, заманауи мәдение білім беру орталығы ретінде нығайтуға және қосымша қаражат табуға мүмкіндік береді, - дейді ол.

Тағы бірі жаңа бастама - университеттерді топтастыру жүйесін енгізу

Мемлекет басшысы бюджеттен университеттерге бөлінетін гранттардың құнын олардың білім беру сапасына байланысты анықтауды тапсырды. Осыған орай нормаларды енгіздік, - деді Асхат Қанатұлы.

Аймағамбетовтің сөзінше, бұл норма университеттер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, студенттерді сапалы даярлауға ықпал етеді.

Еске салайық, бүгін мәжілісте Аймағамбетов "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде баяндама жасады.

Сондай ақ Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұралқы иттердің мәселесін шешу керегін айтты.

Өзгелердің жаңалығы