Кітапханашылар жалақысының аздығы кадр тапшылығын туындатты

24 Қазан 2023, 14:00
1096
Бөлісу:
Кітапханашылар жалақысының аздығы кадр тапшылығын туындатты
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Бораш Қуат мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Сауал қойған журналист елімізде кітапханашылардың жалақысы небәрі 125 мың теңге екенін, бұл ақшаға өмір сүргуге мүмкін емес екендігін атап өтті. 

Кітапханашылардың жалақысының аздығы кадр тапшылығына, кадрлардың ауыс-түйісінің болуына себеп болып жатқанын жасырмаймыз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында жалақыны 25%-ға көтеруді табыс етті. Одан кейін бүкіл әлемдік сарпшыларының талдау-мониторингінің жұмыстарының қортыдылары оң шешімін тапқан жағдайда, азаматтық қызметшілер – кітапхана, архив, музей саласының қызметкерлерін жалақысын көтеру мәселесі қарастырылып отыр. Тиісті шешім қабылданған жағдайда, әріптестеріміздің жалақысы қосымша көтерілетін болады, – деді Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Бораш Қуат.

Өзгелердің жаңалығы