Алматы облысының полицейлері 60 жастағы ер адамды кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысының полиция департаменті хабарлағандай, 17 қазан күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.