Кішкентай қыз кіржуғыш машинаға кептеліп қалды

Бүгiн, 07:39
739
Бөлісу:
Кішкентай қыз кіржуғыш машинаға кептеліп қалды
Фото: pixabay.com

Испанияда сегіз жасар қыз ойнап жүріп, өшірілген кіржуғыш машинаның барабанына кіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол одан шыға алмады. Ата-анасы да өз беттерімен баланы құтқара алмай, құтқарушыларды шақырған, – деп жазады Need to Know.

Қызды алып шығудың басқа жолы болмағандықтан, оларға кір машинаның бірнеше бөлігін кесуге тура келген. Құтқару операциясына 50 минут жұмсалған. Баланың аяғында бірнеше көгерген жарақаттар бар, бірақ басқаша жарақат алмаған.

Алайда, кіржуғыш машинаның күні осымен бітті – тіпті жөндеуге де жарамайды.

Өзгелердің жаңалығы