Әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әншіні журналистер түрме есігінің алдынан күтіп алған. Дегенмен бетперде киген әнші сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартқан.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Ол ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 15 тәулікке қамауға алынған.