Кіші Талдыкөлдің тағдыры қалай шешіледі?

8 Қыркүйек 2021, 16:45
2376
Бөлісу:
Кіші Талдыкөлдің тағдыры қалай шешіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастығы Әлия Қожабаева әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.

Талдыкөл мен Кіші Талдыкөл сулы-батпақ нысаны өзара байланысты емес. Жерүсті ағындар арқылы байланыспайды. Себебі Талдкөлдің дамбылары ондай мүмкіндік бермейді. Жерасты сулары арқылы да байланыс болмайды. Себебі топырақтар суды сіңірмейді, - деді Әлия Қожабаева.

Ол атағандай, гидрологиялық толысу еріген қар мен жылы кезеңде судың булануы есебінен жүзеге асырылады.

Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев атағандай, елорданың даму жоспарына сай Талдыкөлдің оңтүстік-шығыс бөлігінде тұрғын үйлер мен емханалар салу жоспарланған.

Көлдің су құрамы сақталады. Көлді құрғату мәселесі тұрған жоқ. Тек абаттандыру мәселесі ғана тұр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы