Астана, BAQ.KZ. Бұл жайында СҚО басшысы Құмар Ақсақалов облыс әкiмдiгiнiң отырысында айтты, деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Бiз жыл бойы Киров зауыты бойынша жұмыс жасадық. Қазiр жаңа қондырғылар алынуда. Жуырда зауыт 13 млрд. теңгенiң тапсырысын ұтып алды. 2018 жылы өндiрiс көлемi 4,6 млрд. теңгенi құраса, биыл 20 млрд. теңгеге жетпек. Яғни, 5 есеге өсiп отыр», — дедi Құмар Ақсақалов.
Киров зауыты мен Петропавл ауыр машина жасау зауытында соңғы 10 жылда алғаш рет жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл бағытқа республикалық бюджеттен 6,7 млрд. теңге бағытталды. Солтүстiкқазақстандық зауыттар 300 жоғары өнiмдi жаңа қондырғы сатып алады.