Финалдағы жеңісінен кейін отандасымыз басты бәсекелесімен қайта жолығуды алдын ала күткенін айтты.
Еске салайық, финалда Герасименко Мысыр спортшысы Омар Ассарды жеңіп, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалындағы жеңілісі үшін қарымта қайтарды.
Исламиада ұзаққа созылды, оңай болған жоқ. Бірақ, міне, жарыс аяқталды. Үйге жеңіспен оралатыныма қуаныштымын. Бұл - тамаша сезім. Көңіл-күйім керемет.
Жарыс басталар алдында Омар Ассар да келеді деп ойладым. Онымен финалда жолығамыз деп жоспарладым. Олимпиададағы кездесуден кейін одан кеткен есемді қайтарып алғым келді. Ойын оңай болған жоқ, үстелге бейімделу қажет болды. Дегенмен Омарға да оңай болмады, бұл байқалып тұрды.
Әрдайым өз мүмкіндігіңді барынша пайдаланып, неге қабілетті екеніңді көрсету керек. Қарымта алғаныма өте қуаныштымын.
Нәтижесінде екі медальға ие болдым. Әрине, үш жүлде алғым келген. Бірақ бар нәтижеге ризамын. Ең бастысы - Қазақстанға алтын медаль сыйлағаныма қуаныштымын, - деді спортшы.