Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Кипр қаласында қазақстандық суретші Оразбек Есенбаевтың жеке көрмесі өтті.
Солтүстік Кипрдегі Ұлы Симпозиум Еуропа мен Азия елдеріне талантты тұлғалардың жұмысын таныстырды. Оның ішінде қазақстандық суретші де бар. Ол Кипрде 50 жұмысын таныстырды.
Суретші Оразбек Есенбаев 20 жылдан астам уақыт бойы республикалық және облыстық және халықаралық көрмелерге қатысып келеді. Оның туындылары АҚШ, Қытай, Ресей мен Германия, ТМД елдерінің жеке коллекцияларында сақталған.
Қазақстандық суретші Оразбек Есенбаев 1960 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының түлегі.
Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы көркемсурет-өндірістік шеберханасынан бастаған. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және облыстық көрмелердің қатысушысы. Оның бірқатар картиналары кітаптар безендіруге қолданылған. Суретшінің жұмыстары мұражайларда және жеке коллекциялар да сақтаулы.
Есенбаев көрмеде өзіндік қолтаңбалық мәнерінде графикамен де, кескіндемемен де, акварельмен де орындалған жаңа жұмыстарының бірқатар топтамасын көрерменге ұсынды.