Кипр президенті Қазақстанның елшісін қабылдады

2 Қазан 2019, 18:47
1717
Бөлісу:
Кипр президенті Қазақстанның елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Кипрдағы елшісі Дулат Қуанышев Кипр Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ел президентінің қабылдауында болды.

1 қазанда Кипр Республикасындағы ҚР елшісі Дулат Қуанышев Кипр Республикасының Тәуелсіздік күніне орай президент сарайындағы салтанатты іс-шараға қатысты. 

Өз миссиясының аяқталуына байланысты Дулат Қуанышев ел президенті Н.Анастасиадистің қабылдауында болды.

"Кездесу барысында елші Кипр басшысына ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтау хатын табыс етіп Кипр басшысына Қазақстанипр байланыстардың  дамуы туралы, сонымен қатар Кипр Парламентінің төрағасы Д.Силлуристің Нұр-Сұлтанға сапарының қорытындылары туралы баяндады", - делінген хабарламада.

Н.Анастасиадис екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейін жоғары бағалап, Қазақстан басшылығына ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ ол дипломатқа алдағы қызметіне табыс тіледі.


Өзгелердің жаңалығы