Кинологиялық орталығының бастығы сотталды

23 Мамыр 2022, 17:54
1297
Бөлісу:
Кинологиялық орталығының бастығы сотталды
Фото: Zakon.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы А.А. Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

А.А. Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын, сыйлықақы төлемі ретінде берілген ақшалай алым жасады деп күдіктенген.

19.05.2022 жылы Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының үкімімен А.А. Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы