Балабақшадағы өрт: 90 бала сыртқа шығарылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 20 ақпанында 102 нөміріне Ақтөбе қаласындағы Ливенцов көшесінде орналасқан "Әсем" балабақшасында өрт шықты деген хабарлама түскен.</h4>

 20 Ақпан 2020 2020, 17:36
20 Ақпан 2020 2020, 17:36
2141

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 20 ақпанында 102 нөміріне Ақтөбе қаласындағы Ливенцов көшесінде орналасқан "Әсем" балабақшасында өрт шықты деген хабарлама түскен.

Полиция наряды бірден өрт орнына жетті. Ол жерде ғимараттардың бірінен түтін шыққан. Мекемеден 90 баланы сыртқа шығарып, оларды патрульдік полиция автобусына отырғызды.  


Өрт себебін анықтау үшін оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

a7745f9d-5f43-46e6-b5a7-4181fcdab991.jpg

Наверх