Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов комитет отырысында Алматыдағы бетке ұстар театр ғимаратын кеш өткізуге жалға беріп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алматыдағы бетке ұстар Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры кіреберісін кешкі корпоратив кештерге ашық түрде жалға беріп жатыр. Ол ақша қайда кетіп жатыр? Кіммен қандай келісімшарт жасалып жатыр? Неге Абай театрында кешкі сағат 6-дан түнгі сағат 3-ке дейін жеке кештер өтеді? Қандай заң бойынша? – деді ол.
Зайытов қолында кімнің кеші қай күні болғанын дәлелдейтін фото-видео материалдарын барын айтты.
Қазақстан театрларының жұмысын жүйелендіру, қаржыландыру, кадр мәселесін шешу, білім беру жүйесін дамыту және театрды халыққа қолжетімді ету маңызды, - деді депутат.
Ол сондай-ақ мемлекет пен театрлар бұл мәселелерді бірге иық тіресе жұмыс істеп, шеше алатынын айтты.
Оқи отырыңыз: