Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Қазақстан судьяларының VIII съезінде мәлімдеді.
Жоғарғы сот төрағасы Президент тапсырмасына сәйкес атқарылған жұмыс нәтижелерін баяндап берді.
Біріншіден, адамдардың денсаулығы үшін сот төрелігінің сапасына нұқсан келтірместен онлайн процестерді одан әрі жалғастырудамыз. Екіншісі, «еститін мемлекет» саясатының аясында қоғаммен арадағы диалогты арттыра түсудеміз. Жаңа коммуникациялар орталығы барлық соттың баспасөз қызметінің жұмысын үйлестіреді. БАҚ пен әлеуметтік желілерге тәулік бойы мониторинг жүргізудеміз, - деді Жақып Асанов.
Оның сөзінше, құқықтың негіздерін білмейтіндер дүрбелең туғызуды күшейте түсуде.
Кейде олар сотқа қысым туғызу үшін әдейі жасайды. Бұл сот төрелігіндегі дау-дамай деп аталады. Осы түйткілді мәселе дамыған юрисдикцияларда да бар. Үшіншіден, осыған дейін айтқанымдай, судья неге дәл осындай шешім қабылдағанын түсіндіруі керек. Бәріне түсінікті тілмен, сөздермен, - деп атап өтті төраға.
Асанов айтқандай, қыркүйек айында процесс қорытынылары бойынша онлайн брифингтер енгізілді.
Теріс пікірлер азайды. Біз судьяларға шешендік өнерді үйретуіміз керек. Судья даусымен де, сөйлеу мәнерімен де әркімнің бойына сенімділік ұялатуы керек. Төртіншіден, айыптау туралы айтатын болсақ. Қазіргі кезде ақтайтын үкімдер соңғы 3 жылда көбейді. Аса ауыр қылмыстар бойынша нәтиже 12 есеге артты. Егер бұрын ауыр қылмыстар бойынша жылына 15 адам ақталса, қазір 180-ге жуық адам ақталуда, - дейді ол.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына қатысты шағымдар 2 есеге көп қанағаттандырылуда. Олардың тарапынан да тиісті пікірлер бар.
Құқық қорғау органдары жұмыс нәтижелі жүргізілмесе, онда соттың ақтайтынын түсіне бастады. Әрине толығымен айыптаудан арылдық деп айтуға болмайды. Жүйелі түрде қарау керек. Яғни сотқа дейінгі шараларды да қарастыру қажет. Бір нәрсе бар – оны жеделдетуге болады. Қазір сотқа барлық қылмыстық іс беріледі. Прокурорлар және тергеушілер жасаған сараптамалар, актілер сотқа беріледі. Осыны оқыған кезде судья саналы түрде айыпталушыны қылмыскер деп ойлап, пікір түйеді. Қорғаушының айтқанына өзінің санасында қалыптасып қалған пікір тарапынан қарайды, - деп атап өтті Жақып Асанов.
Сарапшылардың ойынша, сотқа айыптау актісі және қорғау актісі ғана кіруі керек.
Сол арқылы судьяны алдын ала санасында пікір қалыптасқанына қарсы жұмыс жасаймыз.
Прокурор да адвокатқа өзінің дәлелдерін шамалап ұсынғаны дұрыс. Сотталушының кінәсі осылай дәлелденуі керек, - деді ол.
Сонымен қатар, Президент тапсырмасына сәйкес жаңа судьяларды іріктеуге тоқталды.
Жаңа судьяларды іріктеу көпшілікке жария түрінде жүргізілу тапсырмасын жүзеге асыру міндеті тұр. Кімнің қандай сіңірген еңбегі үшін судья болғанын қоғам білуі керек. Бұл сот жүйесінің ашықтығына жасалған қадам ғана емес, іріктеудің ашықтығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі факторы, - деп айтты Асанов съезд кезінде.