Кімге тегін адвокат көмегі көрсетіледі

26 Желтоқсан 2022, 16:32
1119
Бөлісу:
Кімге тегін адвокат көмегі көрсетіледі

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында кімге тегін адвокат көмегі көрсетілетіні айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова атап өткендей, 2022 жылғы 20 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. 

Әділет вице-министрі заң аясында кімдерге тегін адвокат көмегі көрсетілетінін айтып берді.

- асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғалар;

- жеке тұлғалар жұмысқа байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның немесе қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша;

- жыныстық зорлық-зомбылықтың, адам саудасының, терроризм актісінің құрбандары не осы мәртебеге немесе жағдайға байланысты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауға ұшырағандар;

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға,

 - кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасылар;

- кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар) (2022 жылы кедейлік шегі - 26172тг, бұл 37389 теңгедегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%).

Азаматтардың аталған санаттарын қосу заң көмегімен өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды қамтамасыз етуге бағытталған. Құқықтық кеңес дәстүрлі түрде ауызша және жазбаша консультациялар түрінде, оның ішінде өтініштер, шағымдар, өтініштер және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының ресми блог-платформасына, «сұрақ-жауап» айдарына өтініштер арқылы интерактивті түрде, мемлекеттік органдардың CALL-орталықтарының және мақсаты тегін білікті заң көмегін көрсету болып табылатын құқықтық ақпараттық қызмет көмегі түрінде көрсетіледі, - деп түсіндірді Алма Мұқанова. 

Құқықтық көмектің маңызды түрлерінің бірі барлық мемлекеттік органдардың құқықтық ақпараттандыру жөніндегі жұмысы болып табылады.

Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасыларда балаларды асырауға алимент өндіріп алуға байланысты мәселелер бойынша азаматтық процесте адамдарға тегін көмек көрсету көзделеді.

Бұл ретте құқықтық кеңес беру кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген заң көмегі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдарға, азаматтық іс бойынша талапкер немесе жауапкерге, әкімшілік іс шеңберінде талапкерге, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, ақталушыға, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жәбірленушіге қорғау және өкілдік ету түрінде көрсетіледі, - деді Әділет министрлігі өкілі брифингте.

 Бұл адамдар тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы.

Өзгелердің жаңалығы