Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ким Чен Ын Трамппен кездесуге дайын

22 Қыркүйек 2025, 08:08
508
Бөлісу:
 en.yna.co.kr
Фото: en.yna.co.kr

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөзге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Корей Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы осы демалыс күндері парламент отырысында сөйлеген сөзінде айтты, – деп жазды Йонхап ақпарат агенттігі.

Егер АҚШ ядролық қарусыздандыруға деген бос құмарлығынан бас тартса және шындықты мойындай отырып, Солтүстік Кореямен бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылуға дайын болса, бізде АҚШ-пен келіссөз үстеліне отырмауға ешқандай себеп болмайды, – деп келтіреді Солтүстік Корея көшбасшысының сөзін.

Екі ел басшысы соңғы рет 2019 жылы кездескен.

Жеке менің президент Трамп туралы жақсы естеліктерім бар, – деп қосты Солтүстік Корея басшысы.

Өзгелердің жаңалығы