Ким Чен Ын Трамппен кездесу үшін Вьетнамға келді

26 Ақпан 2019, 15:05
1476
Бөлісу:
Ким Чен Ын Трамппен кездесу үшін Вьетнамға келді

Астана, BAQ.KZ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Вьетнам астанасына келді, деп жазды «Хабар 24»

Салтанатты қабылдаудан соң ол шаһар орталығында орналасқан «Мелия Ханой» қонақүйіне бет алды. Қазір Ханойда саммитке соңғы дайындықтар жүріп жатыр. Екі күндік жиын ертең басталуы тиіс. Президент Дональд Трамп кездесуге бүгін барады.

Айта кетейік, екі ел басшысының алғашқы тарихи жүздесуі былтыр жазда Сингапурде өткен еді. Онда тараптар бірлескен құжат қабылдап, Пхеньян ядролық қарусыздануды жүргізуге ал Вашингтон қауіпсіздік кепілдігін беруге келіскен болатын.

Ал ертеңгі саммитте тараптар Корея түбегін ядролық қарудан азат етуге қатысты нақты шаралар қабылдауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы