Ким Чен Ын Кремльді қолдайтынына уәде берді

23 Наурыз 2025, 18:34
1339
Бөлісу:
Ким Чен Ын Кремльді қолдайтынына уәде берді
Фото: Euronews

Солтүстік Корея үкіметі Ресейді Украинамен соғыста толық қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы КХДР басшысы Ким Чен Ын Пхеньянда өткен кездесуде Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгумен сөйлесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Екі саясаткер де былтыр қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы келісімге «толықтай адал» екенін білдірген.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары Пхеньянның майданға тағы мыңға жуық сарбаз жібергенін хабарлады. Бұл шешім Солтүстік Корея контингенті үлкен шығынға ұшырағаннан кейін қабылданған.

Батыстық сарапшылардың мәліметінше, соғыстың бастапқы кезеңінде КХДР шамамен 11 мың сарбазын Ресей жағына жіберген.

Өзгелердің жаңалығы