Ким Чен Ын КХДР көшбасшысы қызметіне қайта сайланды

Жоғарғы халық жиналысы бұл шешімді бүгін жариялады.

 Wong Maye-E / AP Бүгiн 2026, 13:16
Бүгiн 2026, 13:16
198
Фото: Wong Maye-E / AP

Ким Чен Ын КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы қызметіне қайта сайланды. Бұл – республикадағы ең жоғары лауазым, деп хабарлайды BAQ.KZ  КХДР Орталық телеграф агенттігіне (ЦТАК) сілтеме жасап.

22 наурыз күні КХДР Жоғарғы халық жиналысының I сессиясында, яғни 15-шақырылымдағы ЖХЖ-ның алғашқы отырысында Ким Чен Ын КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы қызметіне қайта сайланды.

Біздің мемлекет пен халықтың атынан өкілдік ететін КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағаны ұсыну – мемлекеттік саясаттағы аса маңызды іс. Бұл шешімді жоғары билік органы бүкіл корей халқының біртұтас, ортақ еркін білдіре отырып қабылдайды. Ол халықтың тағдыры мен болашағы, республиканың мәңгілік абыройы мен қуаты үшін, сондай-ақ ел құрылғаннан бері бұрын-соңды болмаған өркендеу кезеңін мемлекет дамуының үздіксіз гүлдену дәуіріне айналдыру мақсатында қабылданады, – делінген КХДР Орталық телеграф агенттігінің хабарламасында.

Жоғарғы халық жиналысы бұл шешімді 23 наурыз күні жария етті.

Айта кетейік, Мемлекеттік істер жөніндегі төраға лауазымы республикадағы ең жоғары қызмет саналады.

Бұған дейін 23 ақпанда Ким Чен Ын КХДР Еңбек партиясының хатшысы қызметіне де қайта сайланған болатын.

Наверх