Қызылорда облысында «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 32 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 15 сəуір мен 15 мамыр аралығында «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
30 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 32 дерегі тіркелді. Оның ішінде жеті қылмыстық және 25 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.