Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Киік етін экспортқа шығармаймыз - АШМ

Олжас АДАЙ
7 Қараша 2023, 15:11
833
Бөлісу:

Киіктің еті экспортқа шығарылмайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айдарбек Сапаров атылған киіктердің мүйізі «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорнына берілетінін айтты.

Біз (киіктің етін – автор) экспортқа шығаруға дайын емеспіз. Оны экспортқа шығару үшін ет комбинаты экспорттаушылар реестрінде болуы керек. Әзірше, киіктің еті Қазақстанда ғана сатылады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы