Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина астанасы Киевтегі Қазақстанның елшілігі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Украинадағы қазақстандықтардың назарына - құлаққағыс. Ондағы азаматтар біздің елшілікке хабарласып, орналасқан жері мен өзіне қатысты мәліметтерді ұсынуы қажет және мүмкіндік болса Киев және Львов қаласына өз бетімен баруларын сұраймыз. Әрине, елдегі әскери әрекеттерге байланысты жету қиындық тудыруы мүмкін. Ондай жағдайда қазақстандықтар орнында қалғаны дұрыс. Елшілік жанынан «жедел желі» ашылды, сонда хабарласып, жағдайды біле алады, – Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, азаматтарды елге қайтару жолында барлық мүмкіндік пен жағдай жасалады.
Киевтегі біздің елшілік штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Елшілікте 8 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, Киевтегі елшілікте 26 адам болды. Оның ішінде 8 адам елшілік қызметкері, 18-і Қазақстан азаматы және 6 бала бар, – дейді ол.
Бұған дейін қазақстандықтар мінген 3 автобустың Украина шекарасында кептелісте тұрғаны айтылды.