Киев Трамптың арнайы өкілін қызметінен босатуды талап етті

24 Наурыз 2025, 19:32
3321
Бөлісу:
Киев Трамптың арнайы өкілін қызметінен босатуды талап етті
Фото: Getty Images

Украина Жоғарғы Радасының Халықаралық істер комитетінің басшысы Александр Мережко АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффты қызметінен шеттетуді талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Sky News басылымы хабарлады. Себеп – Уиткоффтың «Украина — жалған ел» деген даулы мәлімдемесі. Стив Уиткофф Кремль Украина туралы осындай пікірде екенін айтып, жанжалдың түпкі себебін түсіндіруге тырысқан еді. Александр Мережко оның бұл пікірін Ресейдің пропагандасын қайталау деп бағалады.

Уиткофф кімнің өкілі? Трамптың ба, әлде Путиннің бе? — деп мәлімдеді Мережко.

Сондай-ақ, ол бұл мәлімдеме Америка Құрама Штаттарын халықаралық аренада беделін түсіреді деп санайды. Сондықтан Уиткофф келіссөздерден шеттетілуі тиіс деп есептейді.

Президент Трамп кем дегенде бұл сөздерді жоққа шығаратын қатаң шара қабылдауы керек. Мұндай мәлімдемелер өте қауіпті, — деді ол.

Стив Уиткофф Украинадағы соғысты тоқтату бойынша АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерді жүргізетін негізгі дипломаттардың бірі болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы