Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы апта басынан бері әлеуметтік желі қолданушылары Талғардағы қайғылы оқиғаны шектен тыс белсенді қызығушылықпен талқылағанын тіркеген.
Тіпті аномальды өсім байқалған. Бұл туралы хакерлік компания мәлім етті.
Аталмыш маңызды оқиғаға қызығушылықтың артуын бас пайдасына сәтті қолданғандар да бар.
Алматы мен өзге қалаларда митинг болып жатыр деген мақамда жалған ақпарат таратып, қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген ескі видеоны монтаждап, бейне таратқан.
Мұндай жарияланымдар TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерінде көп тараған. Мәселен, TikTok-та аккаунт ашылғаннан бастап үш күннің ішінде 850 мың қаралым жинаған. Ол бейнежазбада мүлде болмаған ереуіл туралы жалған видео бар.
Аккаунттар мен пікірлерді талдау барысында 50 000 жуық робот боттар алдын ала келісу арқылы жұмыс жасағаны аңғарылған. Әлеуметтік желілерде кездесетін видео жазбаларға сыни көзбен қарап, дереккөзін тексеруге шақырамыз, — делінген хабарламада.