Киберқылмыс: Адамдардың ақшасы қалай ұрланатыны анықталды

4 Наурыз 2024, 11:50
1050
Бөлісу:
Киберқылмыс: Адамдардың ақшасы қалай ұрланатыны анықталды
Фото: Polisia.kz

Мәжілісте «Киберқылмысқа қарсы күресудің өзекті мәселелері» туралы комитеттің тақырыптық отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев киберқылмыс жайлы деректерді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде жасалатын киберқылмыстардың 99%-ы - интернет-алаяқтық. Бүгінгі таңда барлық ел, әсіресе ақпараттық технологиялар саласында дамыған елдер де қылмыстың осы түрінен зардап шегіп жатыр. Соңғы 7 жылда олардың Қазақстандағы саны 10 еседен астам өсті. Мұндай қылмыстар былтыр тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19 пайызын, алаяқтық қылмыстарының 50 пайызын құрайды. Оның үстіне былтырдың өзінде азаматтарға келтірілген шығын 21 миллиард теңгені құраған, - деді ІІМ басшысының орынбасары.

Оның сөзінше, биыл 3 645 интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл жалпы қылмыс санының 18 пайызын және барлық алаяқтықтың 43 пайызын құрайды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевтың айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде 4 мың интернет-алаяқтық жасаған 2 мыңға жуық адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілерге 850 миллион теңге көлемінде шығын өтелді.

Көбінесе мұндай қылмыстар шетелден немесе шетелдік интернет-ресурстарды пайдалану арқылы жасалады. Бұл ретте хакерлер өздерінің анонимділігін қамтамасыз ету үшін құрбан ретінде шет елдердің азаматтарын таңдайды. Мысалы, 2023 жылдың соңында Астанада 4 алаяқтық байланыс орталығы анықталды. Олардың қызметкерлері тек шетелдік нөмірлерге хабарласқан, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы