Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 желтоқсанда Шымкентте Қазақстан Халық партиясының мүшесі Гүлайша Мүсілтаева өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті.
Жиналғандар сапалы медицина, әлеуметтік төлемдер мен дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселелерін талқылады.
Мүсілтаеваның айтуынша, мемлекет қауіпті инфекциямен күресте алдыңғы қатарда жүрген және COVID-19 жұқтырған адамдармен байланыста болған барлық дәрігерге үстемақы төлеуі тиіс.
Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерге қатысты өз мәселелері мен шағымдарын айтты.
Сонымен қатар, бүгін Теміртауда партия мүшесі Дмитрий Полтаренко «Менің үйім» дағдарыс орталығының мүшелерімен кездесті. Әңгімеге балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуі өзек болды.
Кездесу барысында Полтаренко Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды өзгерту қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, ол қоғам педофилияға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстануы керек деп санайды.