Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Халық партиясының өкілдері азаматтармен кездесулер өткізуді жалғастыруда.
22 желтоқсанда ҚХП мүшелері Ирина Смирнова мен Жамбыл Ахметбеков Өскемен қаласындағы Қаржы-экономикалық колледждің ұжымымен және оқушыларымен кездесу өткізді. Күн тәртібіне жас отбасыларды қолжетімді ипотекамен қолдау мәселесі қойылды.
Ирина Смирнова Қазақстандағы жастардың үлесі халықтың едәуір бөлігін құрап отырғанын айтты. Сондай-ақ партия өкілдері жастарды жұмысқа орналасу және жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында колледж оқытушылары мен партия өкілдері Қазақстандағы жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларына қатысты өз көзқарастарымен бөлісті.