Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясының мүшелері Қазақстанның білім беру жүйесіндегі проблемаларды талқылады.
Дөңгелек үстел Zooм-конференциясына қосу жолымен онлайн режимде өтті.
Спикерлер – ҚХП өкілі Олжас Сыздықов пен Ислам Сұңқар өзекті тақырыптарды қозғады. Оның ішінде білім сапасы мен қолжетімділігі, өңірлік университеттер құру, оқулықтарды цифрландыру, мектеп оқушыларын тәрбиелейтін отбасылар үшін жеңілдетілген интернет қосу.
Қазақстан Халық партиясының мүшелері Қазақстандағы оқу еліміздің барлық азаматына қолжетімді болуы тиіс деп санайды.
Біз кәсіптік-техникалық оқуға жаңа серпін беру, олардың жанындағы кешкі мектептерді қайта құру, бюджеттің мүмкіндігінше стипендия төлеуді қарастыру қажет деп санаймыз. Мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар студенттерге базалық жалақы төлей отырып, оларды бос орындарға және уақытша практикаға қабылдауға міндетті, – деді Ислам Сұңқар.
Сонымен қатар Халық партиясының мүшелері халықтың көші-қоны мен өңірлердің дамуына байланысты мемлекет өңірлік университеттер құруы тиіс екенін атап өтті. Қалалардағы ауыл балалары үшін заманауи инфрақұрылымы бар мектеп-интернаттарды қайта құру қажет.