Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Халық партиясы Атырауда еңбек ұжымдарымен және мұнай-газ секторының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жұмысшылардың құқығын қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарды қолдау бастамасы кеңінен түсіндірілді. Кәсіподақтар ел азаматтарының құқықтарын қорғап, еңбек дауларын әділ шешуі керек.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Халық партиясы ерекше балаларға арналған «Спина бифида» қорының басшыларымен және ата-аналармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ата-аналар арқа бифида ауруы, медициналық қызмет көрсету сапасы және әлеуметтік кепілдікке қатысты мәселелерды көтерді.