Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 желтоқсанда Қарағанды аспанынан Қазақстан Халық партиясының «Әлеуметтік мемлекет құру үшін!» деген ұраны жазылған әуе шары ұшып өтті.
Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, мыңдаған тұрғын қала үстінен өткен түрлі-түсті дирижабльді тамашалады.
ҚХП мүшесі Ольга Карташеваның айтуынша, бұл флешмоб 10 қаңтарда өтетін сайлауды қолдау мақсатында өткізілген.
Әуе шарын аспанға ұшыру Юго-Восток шағын ауданында өтті. Шара басталатын жерге 80-нен астам адам жиналды.