Алматы, BAQ.KZ. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған арнайы көмекті алу үшін ХҚКО-лар наурыздың 30 мен 31 күндері де жұмыс істейді, делінген Қазақстан Республикасы ІІМ-нің сайтында.
«Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған арнайы көмекті алу үшін жер-жерде тіркелу жүріп жатқаны белгілі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтінішпен кеп жатқандардың легі көп болуына байланысты құжаттарды қабылдау және тіркеу 1 сәуірге дейін алдағы демалыс күндерде де жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.Ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін жер-жердегі ХҚКО-ларда миграциялық қызмет өкілдерінің саны көбейтілген. Тұрғылықты жерге тіркелу және жеке куәліктерді рәсімдеу бойынша азаматтардан құжаттарды қабылдау күн сайын 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.