Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылы химия саласындағы Нобель сыйлығы Джон Гуденаф, Станли Уиттингхему және Акире Йошиноға литий-ионды батареяларды ойлап тапқаны үшін берілді.
Бұл туралы Швед корольдік ғылым академиясының Нобель комитеті жариялады.Марапаттау рәсімі әдеттегідей 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. Дәл осы күні Нобель сыйлығының құрылтайшысы - швециялық кәсіпкер әрі ойлаптапқыш Альфред Нобель (1833–1896) қайтыс болған. Биыл Нобель сыйлығының әр саласының жеңімпазына 9 миллион швециялық крон (шамамен 900 мың АҚШ доллары) сыйақы төленеді.