Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Жұматай Әлиев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.
Кандидат Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Жұматай Әлиевтің мынадай құжаттарын ұсынды:
1. «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;
2. Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;
3. Өмірбаяндық деректері;
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;
7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.