«Халықтың сүйіктісі – 2018» жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

12 Қаңтар 2019, 16:58
2720
Бөлісу:
«Халықтың сүйіктісі – 2018» жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

Астана, baq.kz тілшісі. «Халықтың сүйіктісі – 2018» жүлдесіне ие болған жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

«Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ биыл аталған конкурсқа жаңа номинациялар бар екенін хабарлады.

«Биыл байқауға жаңадан 3 арнайы номинация енгіздік. Олар: «Жылдың үздік әскери қызметкері», «Жылдың үздік полициясы», «Кәсіподақтың жаңа үздік мүшесі». Жалпы конкурста негізгі номинациялар бар. Онда жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады. Сондай-ақ құрметті және арнайы номинация бар», - деді ұйымдастырушы.

Осы орайда Ғалым Байтоқ жеңімпаздарға анықтау кезінде 500 мың адамның дауыс бергенін атап өтті.

«Бауқаудың ресми парақшасында дауыс беру кезінде шорт парақта жеңіске үміткер 60 азамат болды. Нәтижесінде кейбір номинацияларда 2-3 үміткер жеңіске жетті, ал қалған номинацияларда бір азаматтан. 500 мың адам дауыс берді», - деді ол.

«Халықтың сүйіктісі – 2018» ұлттық жүлдесі жеңімпаздарының тізімі төмендегідей:

№1 номинация – «Жылдың үздік спортшы қызы»: Зүлфия Ғабидуллина, 2016 жылғы паралимпиаданың алтын медаль иегері, 2018 жылғы паралимпиадашылардың арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы;

№2 номинация – «Жылдың үздік спортшысы»: Александр Колядин, Пхенчхандағы қысқы паралимпиада чемпионы;

№3 номинация – «Жыл жаңалығы» құрметті жүлдесі, Самал Еслямова, актриса;

№4 номинация – «Алдын дәуір» құрметті жүлдесі, Төрегелді Шарманов, дәрігер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі 1971-1982;

№5 номинация – «Табыс және даму» құрметті жүлдесі: «Нұр-Отан» партиясы партиялық жобаларды сәтті жүзеге асырғаны үшін;

 

№6 номинация – «Жылдың үздік дәрігері»: Тоқан Сұлтанәлиев Тоқан, Астана қаласының Ұлттық онкология және транспланталогия ғылыми орталығының бас хирургы;

№7 номинация – «Жылдың үздік мұғалімі»: Ербол Іргебай, «Оқушылар сарайы» директоры;

№8 номинация – «Жылдың үздік мәдени қайраткері»: Бақытжан Әшірбаев, белгілі сәулетші, ақын, кинематографист, Шымкент қаласы;

№9 номинация – «Жыл мойындауы» құрметті жүлдесі: «Атамекен» ҰКП-сының «Бастау» білім беру жобасы;

№10 номинация – «Жылдың үздік әлеуметтік бизнесі» құрметті жүлдесі: «Глобал-Спецодежда» бірлескен өндірісінің директоры Надежда Набаева;

№11 номинация – «Жылдың үздік парламентарийі»: Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламент Сенатының депутаты;

№12 номинация – «Жылдың үздік публицисі»: Ислам Кураев, саясаттанушы;

№13 номинация – «Жылдың үздік қоғам қайраткері»: Ерлан Саиров, қоғам қайраткері.

№14 номинация – «Астананы дамытуға қосқан үлесі үшін» ұлттық жүлдесі: Фарит Галимов, Жоғары және орталық органдарды басқа жерге орналастыру бойынша мемлекеттік комиссияның төрағасы, Астана қаласы;

№15 номинация – «Жылдың үздік меценаты», құрметті жүлдесі:

Блок Сергей, «МИЛХ» компаниясының директоры;

Әлібек Семғалиев, Атырау қаласының мәслихат депутаты, кәсіпкер;

Бекболат Ачибеков, кәсіпкер, Ақтау қаласы;

№16 номинация – «Жылдың үздік тележүргізушісі»: Ләйлә Сұлтанқызы, «Жетінші арна».

№17 номинациясы – «Жылдың үздік блог саласының көшбасшысы»: Қазыбек Фрейдман, Twitter, Facebook.

№18 номинация – «Жылдың үздік ақпараттық интернет басылымы»: «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.

№19 номинация – «Жылдың үздік вайнері»: Мейіржан Төребаев;

№20 номинация – «Жылдың FASHION қайраткері»: Малика Дүйсенбаева, дизайнер, модельер.

№21 номинация – «Үздік фермер»:

Алмат Тұрсынов, «ТПК Қарасу» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы;

Болатбек Әлиев, Dala Frukt компаниясының негізін қалаушы, Түркістан облысы;

№22 номинация – «Жылдың үздік кәсіпкері»:

Қайрат Маишев, «Жас Қанат 2006» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы;

Дмитрий Шарапаев, «Радуга» ЖШС бас директоры, СҚО;

№23 номинация – «Агрокешен көшбасшысы» құрметті жүлдесі:

Мұрат Сәрсенбаев, «Абай Дәулет» компаниясының директоры, Қызылорда облысы;

№24 номинаиция – «Батыл жүрек» құрметті жүлдесі:

Азамат Балтабаев, Астана қаласы Полиция департаменті жол-патрульдік полициясының инспекторы;

№25 номинация – «Үздік әскери қызметкер»:

Ғалымжан Әлеуханов, ҚР Қорғаныс министрлігі десант-шабуыл әскері, барлау-шабуыл ротасы бөлімінің командирі;

№26 номинация – «Үздік полиция қызметкері»:

Арман Шайзатов, Астана қаласы Полиция департаменті мамандандырылған

жол-патрульдік полициясының бас инспекторы, полиция капитаны;

№27 номинация – «Кәсіподақтың жаңа мүшелері»:

Айтжанова Динара, «Павлодар облысы кәсіподақ орталығы» өңірлік бірлестігінің төрайымы;

Бралин Рауан, «Жолдас-Агро» шаруа қожалығының малшысы, кәсіподақ мүшесі, СҚО;

Татьяна Булгацевич, Senim денсаулық сақтау жүйесі саласының кәсіподағының мүшесі, Қостанай облысы.

Дәурен Ерболат


Өзгелердің жаңалығы