Халықтан өкілдік алып, құрбандыққа жиған малдың бағасы қымбат - Жолдыбайұлы

30 Шілде 2020, 10:26
2172
Бөлісу:
Халықтан өкілдік алып, құрбандыққа жиған малдың бағасы қымбат  - Жолдыбайұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің  Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Астана имамы құрбандық малының бағасына қатысты ойын нақты әрі дұрыс жеткізе алмады. Бәлкім контекстен бөлініп алынғандықтан, солай болды. Қалай болғанда да, халықтың қате түсінуіне жол берді. Менің білетінім жалпы халықтан өкілдік алып, құрбандыққа мал жинағанда, әдеттегіден малдың бағасы қымбатқа шығады, - деп жазды ол.
Өйткені мынандай жағдайлар мен қосымша шығындар қосылуы мүмкін:

1. Бұл күндері малдың бағасы әдеттегіден қымбаттау болады;
2. Акцияны ұйымдастырушылар бірнеше күнге қасапхананы жеке өздеріне ғана арнап ашқызғандықтан, оны жалға алады;
3. Сонша көп етті бірден тарату мүмкін болмағандықтан, арнайы тоңазытқыш бөлмелерді жалға алады;
4. Мал соятын ондаған қасапшының еңбек ақысы қосылады;
5. Мал еттерін аудан, ауыл, қалаға тарату үшін арнайы бірнеше көлік жалға алынады.

Сосын Астнада мал бағасы басқа қалаларға қарағанда былайғы уақытта да қымбаттау ғой. Түсініксіз бір сөзі үшін мейлі ол дін қызметкері болсын, болмасын, кез келген адам ойын кейде дұрыс жеткізе алмай қалады. Сол үшін қатты жазғырмай, кешірімді болайықшы. Алла шалатын құрбандықтарыңызды қабыл етсін! Құрбан айт құтты болсын, - деп жазды дінтанушы.



Өзгелердің жаңалығы